Қазақстан Елшісі Литваның Сыртқы істер вице-министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Литваның Сыртқы істер вице-министрімен кездесті

Елші Т. Оразаев Литваның Сыртқы істер вице-министрі М.Адоменаспен кездесу өткізді.

Дипломаттар саяси және сауда-экономикалық салаларындағы қазақстандық-литвалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ
Литва тарапы әрқашан қолдайтын Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде екі елдің кооперациясын жандандыруды талқылады.

Қазақстан Елшісі сұхбаттасушысына Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен және азаматтар мен қоғамның мүддесі үшін елдің экономикалық, қоғамдық және институционалдық дамуының бүкіл жүйесін жаңғыртуға бағытталған саяси реформалардың жалғасы болатын Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарға алдағы депутаттар сайлауы туралы айтып берді.

М. Адоменас өз кезегінде білім беру, IT, көлік және логистика саласындағы Қазақстан-Литва ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуді, сондай-ақ екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың күн тәртібін өзектендіруді жақтады.