
ҚР Литвадағы Елшілігінің іс-шаралары аясында Елші Т.Оразаев Литваның Парламент, СІМ, БАҚ және жергілікті бизнес өкілдеріне алдағы 19 наурызда Парламент Мәжілісі мен Қазақстан Республикасының мәслихаттарына депутаттарды сайлаудың жаңалықтары туралы айтып берді.
Атап айтқанда, сайлау Қазақстан азаматтары 2022 жылғы маусымда референдумда қолдаған конституциялық реформаны жүргізумен байланысты екені атап өтілді. Бұл сайлау заңнаманы ғана емес, елордадағы және жергілікті жерлердегі заң шығарушы органдардың құрамын сапалы жаңарту үшін қажетті реформалардың соңғы кезеңі.
Литва парламентшілері мен қазақстандық дипломаттар еліміздің сайлау жүйесіне жаңа енгізіліңдер, еркін және ашық парламенттік сайлау өткізуді қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар және басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.
Литвалық әріптестер Еуразиялық аймақ елдеріндегі демократиялық институттар мен стандарттарды дамытуға әрқашан үлкен мән береді, қазақстандық парламентшілермен үнемі байланыста болады, сондай-ақ еліміздегі өзгерістерді қадағалайды.
Қазақстан-Литва саяси диалогын, елдеріміздің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.