
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында онлайн-баспасөз конференциясы аясында БАҚ өкілдері Мемлекет басшысының төтенше жағдайға байланысты тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар болды.
Онлайн баспасөз конференциясына спикерлер ретінде: ҚР Сыртқы Істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев; ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев қатысты. Ш. Нұрышевтің ақпараты бойынша, Қазақстан аумағына кіру және шығу шаралары қабылданды. 2020 жылғы 16 наурызда сағат 08.00 - ден бастап ҚР азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне және шығуына шектеу енгізілді.:
• Қысқартылған рейстер:
– Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында 6 рейс ("Эйр Астана": "Алматы-Сеул", 5 – тен 1 – ге дейін және "Нұр-Сұлтан-Сеул", 2-ден 1-ге дейін; "Asiana Airlines": "Алматы-Сеул", 2-ден 1-ге дейін); – Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы аптасына 9 рейс ("Эйр Астана": "Алматы – Баку", аптасына 3 – тен 1 рейс; "SCAT": "Ақтау – Баку", 7-ден 1-ге дейін; "Azerbaijan Airlines": "Баку-Алматы", 2-ден 1-ге дейін);
https://www.youtube.com/watch?v=ejDmiZUalLs
Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 16 наурыздағы сағат 08.00-ден бастап төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оның қолданылу кезеңінде келесі шаралар қабылданатын болады:
1. Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің мемлекеттік шекара арқылы кіруіне - шығуына шектеу енгізілетін болады. Төмендегі жағдайлардан басқа:
бұрын шет мемлекеттің аумағына шыққан және Қазақстан Республикасына қайтып келген Қазақстан Республикасының азаматтары;
денсаулық сақтау мекемелерінің растайтын құжаттарын ұсынып, шетелге емделуге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтары;
осыған дейін Қазақстан Республикасының аумағына кірген және елден шығатын шетелдіктер;
еліміздің және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызмет персоналы және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;
поездық және локомотив бригадаларының, әуе және теңіз кемелері экипаждарының мүшелері;
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал және шектес мемлекеттердің аумағындағы қазақстандық трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсететін персонал;
шектеулерді енгізгенге дейін (2020 жылғы 16 наурыз сағат 08.00-ге дейін) жолға шыққан және транзиттік жолаушылар поезымен жолда келе жатқан шетелдіктер;
Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаттары бар шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар);
Қазақстан Республикасы азаматының отбасы мүшесі болып табылатын шет ел азаматы (туыстық байланыс фактісі расталған жағдайда – жұбайы (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары).
2. Тараптар азаматтарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жүгінген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге сәйкес жұмыс істейтін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасындағы өткізу орындары арқылы жергілікті тұрғындарды өткізу тоқтатыла тұрсын.
Трансшекаралық құрылыстар – мемлекеттік шекараны кесіп өтетін темір жолдар, автомобиль жолдары, құбырлар, электр беру желілері, кабельдер, көпірлер, бөгеттер, шлюздер, су арналарының құрылыстары және басқа да құрылыстар, сондай-ақ Тараптардың бірінің шекара маңындағы аумақ (шекара аймағы) шегінде, екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы объектілері.