Азаматтарға арналған жадынама

Азаматтарға арналған жадынама

Құрметті азамат!

Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Сізден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймын:

  • дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу;
  • үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  • күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  • қолды сабынмен жиі жуу;
  • жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
  • аурудың белгілері (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел және басқалар) пайда болған кезде жедел жәрдем шақыру;
  • жөтелу әдебін сақтау (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын сүлгілермен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз).

 

Оқшауланған адам үйдегі карантин жағдайларында:

  • жақсы желдетілетін жеке бөлме бөлінуі;
  • оған басқа адамдардың келуін болдырмау;
  • оның халықтың көп жиналатын орындарына баруын болдырмау;
  • қоғамдық көлікті пайдаланбауы қажет.

Тұрғындарға арналған профилактика шаралары                                         

  1. Дене қызуын күніне кемінде 2 рет өлшеу;
  2. Профилактика шараларын сақтау:
  • үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  • күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  • қолды сабынмен жиі жуу;
  • жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
  1. Дене қызуы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек
  2. Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!Коронавирустың таралу қаупіне байланысты Қазақстанның Литвадағы Елшілігінде Литва аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы телефон желісі ашылған: +370 5 231 30 70, +370 5 231 30 40.