Қазақстан Елшісі Литва журналистерімен кездесті

Қазақстан Елшісі Литва журналистерімен кездесті

Вильнюс, 2022 жылғы 7 қараша – Қазақстан Елшілігінде Литва Журналистер одағының мүшелерімен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасының Елшісі Виктор Темірбаев журналистерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектегі Жолдауының негізгі аспектілерімен, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жаңғыртуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саяси және экономикалық реформалармен таныстырды.

Өз кезегінде әңгімелесушілер Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын атап өтіп, Литва тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломат алдағы жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар және елшіліктің мәдени-гуманитарлық салада жоспарлап отырған шаралары туралы айтты.