Литваның солтүстік астанасы - Шяуляй қаласында Қазақстандағы саяси жаңғыру талқыланды

Литваның солтүстік астанасы - Шяуляй қаласында Қазақстандағы саяси жаңғыру талқыланды

Шяуляй, 2022 жылғы 4 қараша - Қазақстан елшісі В. Темірбаев Шяуляй қаласына жұмыс сапары аясында қала әкімі Артур Висоцкаспен кездесу өткізді. Тараптар өңіраралық ынтымақтастықтың перспективаларын, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және бірлескен мәдени іс-шараларды өткізу мәселелерін талқылады.

Қазақстан дипломаты сұхбаттасушыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған саяси жүйені кешенді жаңғырту бағдарламасына ерекше назар аударылды.
А. Висоцкас Қазақстан басшылығы жүргізіп жатқан прагматикалық сыртқы және ішкі саясатты атап өтіп, президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі.    

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Шяуляй қаласында Қазақстанның құрметті консулдығын ашуға келісті.

Сондай-ақ, ҚР Елшісі қаланың сауда-өнеркәсіп палатасында іскер топтармен кездесу өткізді, оның барысында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырды, елімізде бизнес жүргізудің артықшылықтары туралы айтты.             

Шяуляй (литва тіліндегі "Saule" - күн сөзінен шыққан) Литваның төртінші ірі қаласы, ірі өнеркәсіптік және мәдени орталық.