Вильнюс, 2022 жылғы 25 қазан – Литва Ұлы Княздігінің билеушілер сарайында Республика күніне және Қазақстан мен Литва арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай мемлекеттік қабылдау өткізілді.
Салтанатты іс-шараға Сейм депутаттары, СІМ басшылығы, Литва саяси мекемесінің, дипломатиялық корпустың, академиялық және ғылыми топтардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, бизнесмендер, БАҚ, мәдениет және спорт қайраткерлері, сондай-ақ қазақстандық диаспора мен студенттердің өкілдері қатысты.
Қазақстан Елшісі Виктор Темирбаев өзінің құттықтау сөзінде еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың іске асырылу барысы, "Әділ Қазақстанның" құрылуы және алдағы президенттік сайлау туралы айтты. Кеш қонақтарына ағымдағы жылы өткен ірі халықаралық іс-шаралардың қорытындылары, соның ішінде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі және АӨСШК-нің VI саммиті туралы ақпарат берілді.
Қазақстандық дипломат қонақтарды Қазақстан мен Литва арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтап, екіжақты қатынастардың дамуындағы негізгі үрдістерді атап өтті.
Литва Сыртқы істер министрі Г.Ландсбергис өз құттықтауында Қазақстан-Литва қарым-қатынасының деңгейін жоғары бағалап, екі ел халықтары достық пен өзара құрметке негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайта беретініне сенім білдірді.
Қабылдау қонақтары Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы әншілерінің орындауындағы атақты қазақстандық композиторлардың классикалық музыкасын - Ұлы даланың әуендерін тамашалады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының әртістері «Қыз Жібек» спектаклінен, сондай-ақ әлемдік классиканың атақты балет партияларынан үзінділер орындады.
Қабылдау қонақтарына дәстүрлі түрде қазақ ұлттық тағамдары ұсынылып, Қазақстанның туристік әлеуетін көрсететін бейнебаяндар көрсетілді.