Каунас қаласында өткен қазақстан студенттерімен кездесу туралы

Каунас қаласында өткен қазақстан студенттерімен кездесу туралы

Каунас, 2022 жылғы 27 қыркүйек – ҚР Елшілігінің дипломаттары Каунас техникалық университетінде және Ұлы Витаутас университетінде оқитын қазақстандық студенттермен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында студенттерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдаудың негізгі қағидаттары туралы айтылды.

Дипломаттар сапалы білім алудың маңыздылығын және Жаңа Қазақстанды құрудағы өскелең ұрпақтың маңызды рөлін атап өтті. Қазақстан азаматтарына Литва заңнамасын сақтау қажеттігі, сондай-ақ консулдық тіркеудің маңыздылығы туралы айтылды. Сонымен қатар, дипломаттар 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Бұған қоса, Каунас техникалық университетінде Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған фотокөрме ашылды. Елшіліктің кеңесшісі Байғабыл Мамлин қонақтарды Семей полигонының жабылу тарихымен, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қарудан азат әлем құруға бағытталған антиядролық бастамаларымен таныстырды.

Іс-шара қонақтары бірегей мұрағаттық құжаттармен, ядролық сынақтарды өткізу ерекшеліктерімен және ССП аумағындағы қазіргі радиациялық ахуалмен танысты.

Фотокөрме екі апта бойы өтеді, одан кейін картиналардың көрсетілімі Ұлы Витовт атындағы университетінде жалғасады.