
Құрметті Қазақстан азаматтары!
2022 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтетінін хабарлаймыз.
Литва Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Осыған орай, Вильнюс қаласында Бирутес көшесі 20А мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 242 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Дауыс беру 2022 жылғы 20 қарашада (жексенбі) жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сайлау күні Сіздерде Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы тиіс (жеке қорғаныс маскасын қолдану ұсынылады).
2022 жылғы 14 қарашадан бастап өз учаскеңізде Сізге сайлауға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне аласыз.
Алдағы сайлау туралы толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтынан (www.election.gov.kz) табуға болады.
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!