Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Литва Президенті Гитанас Науседа Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Литва Президенті Гитанас Науседа Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында кездесу өткізді

Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық салалардағы Қазақстан – Литва ынтымақтастығын дамыту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-әрекетін талқылады. Тараптар саяси диалогты одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев транзиттік-көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларында литвалық технологияларды трансферттеуге қызығушылық білдірді.

Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.