Қазақстан мен Литва құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайуда

Қазақстан мен Литва құқықтық саладағы  ынтымақтастықты нығайуда

Вильнюс, 2022 жылғы 31 тамыз – Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев пен Литваның Әділет министрі Эвелина Добровольска 1994 жылғы 9 тамыздағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында заңның үстемдігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өтті. Осы тұрғыда қол қойылған Хаттама екі ел арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды саласы болып табылатын құқықтық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Өз кезегінде, Е.Добровольская Қазақстан мен Литва азаматтық, отбасылық және қылмыстық істерді қарауда екі елдің институттарына құқықтық көмек көрсету арқылы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылып отырғанын айтты. Екі елдің мемлекеттік органдарының құзіреті өзгеріп жатқанын ескере отырып, тараптар құзырлы институттар шеңберін кеңейтіп, олардың арасындағы байланыс процедурасын жеңілдетуді көздеп отыр.

ҚР Әділет министрлігінің ақпаратына сәйкес, екіжақты ынтымақтастық аясында 2020 жылдан бері Қазақстан Республикасының құзырлы органдары құқықтық көмек көрсету туралы Литва тарапының
21 өтінішін орындады, өз кезегінде Литваның құзыретті органдары Қазақстан тарапының 10 өтінішін орындады.