
2022 ЖЫЛҒЫ 5 МАУСЫМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫНА
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ
Құрметті Қазақстан азаматтары!
2022 жылы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтетінін хабарлаймыз.
Литва Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Осыған орай, Вильнюс қаласында Бирутес көшесі 20А мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 242 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Дауыс беру 2022 жылғы 5 маусымда (жексенбі) жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Референдум күні сіздерде Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы тиіс (жеке қорғаныс маскасын қолдану ұсынылады).
Сіздерді № 242 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне қосу үшін consulate.vilnius@mfa.kz электрондық мекенжайына өздеріңізге қатысты мәліметтерді (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, паспорт нөмірі (берілген күні мен жарамдылық мерзімі), Литвада тұратын мекенжайы, байланыс деректері (телефон, электрондық пошта) алдын-ала жіберу немесе онлайн сауалнаманы толтыру бойынша кеңес береміз.
Учаскеңіздің тізімге енгізілгеніңізді Сіз Елшілікке +370 5231 3070, +370 5212 2123, +370 6203 0911 (77) телефондар арқылы хабарласып тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз Елшілікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.
2022 жылғы 20 мамырдан бастап өз учаскеңізде Сізге республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына жүгіне аласыз.
Алдағы сайлау туралы толығырақ ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтынан (www.election.gov.kz) табуға болады.
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!
ӘРКІМНІҢ ДАУЫСЫ МАҢЫЗДЫ!