
Қазақстан мен Литва арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ білім, IT-технологиялар мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Елшілігінің дипломаттары Каунас қаласына жұмыс сапарымен барды.
Каунас мэрі Висвальдас Матийошайтиске және «Viciunai Group» басқарма төрағасы Шарунас Матийошайтиске кездесу барысында Қазақстанның экспорттық, сауда және инвестициялық әлеуеті, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың жұмысы, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдау құралдары туралы хабардар етілді.
Каунас Сауда-өнеркәсіп палатасында өткен кездесуде Қазақстан экономикасына литвалық инвестиция салудың және бірлескен кәсіпорындар құрудың, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика секторының перспективалы бағыттары айқындалды.
«Imlitex Holdings» басқарма төрағасы Вигандас Бландиспен келіссөздер барысында дипломаттар Қазақстаннан дәнді дақылдарды, мұнай өнімдерін және тыңайтқыштарды импорттау мәселелері талқылады.
Каунас техникалық университетінің (КТУ) ректоры Евгениус Валаткамен кездесуде олар КТУ-де оқитын қазақстандық студенттермен кездесуін ұйымдастыруға, сондай-ақ Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан 100 мың қазақстандық IT-мамандарын даярлауға
КТУ-ды тарту мәселелері талқыланды.