Вильнюс қ. 2022 жылғы 20 сәуір – Қазақстанның Литвадағы Елшісі Виктор Темірбаев Друскининкай қаласының мэрі Ричардас Малинаускаспен және Лаздияй өңірінің іскерлік қоғамдастығымен кездесулер өткізіп және оның барысында экономикалық ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Литва тарапы қазақстандық тараппен медициналық туризм, экотуризм, спа-туризм, курорттық емдеу және ковидтен кейінгі оңалту саласында өзара іс-қимылды дамытуға қызығушылық танытты. Қазақстандық дипломат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауында жарияланған бастамаларының арқасында елімізде бизнес ашудың жаңа мүмкіндіктері туралы хабардар етті.
Жаңа «Друскининкай» спорт кешенін аралау аясында жазғы спорт түрлерінің спортшылары үшін жарыстарға дайындық пен жаттығу циклін ұйымдастыру мүмкіндіктері ұсынылды.
Друскининкай музейінде В.Темірбаев ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына және ҚР мен Литва арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Қазақстан мен Литва: бостандық пен достық» атты балалар суреттері көрмесінің ашылуына қатысты. Іс-шара аясында Литва парламентінің және «Литва-Қазақстан» парламентаралық достық тобының мүшесі Зенонас Вайткуспен бірлесе отырып, Чюрленис атындағы көркемсурет мектебінің оқушылары мен оқытушыларына құрмет көрсетілді.
Оқушыларға құрмет грамоталарын тапсыру кезінде Қазақстан Елшісі елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастардың сабақтастығын сақтау ісінде өскелең жастардың «достық елшілері» ретіндегі ерекше рөлін атап өтті. Қазақстан Президенті балаларды қолдаудың маңыздылығын ескере отырып, 2022 жылды балалар жылы деп жариялағанын ерекше баса айтты. Сонымен қатар, ол балалардың әл – ауқаты мен үйлесімді дамуы-мемлекеттің табысты болашағының сенімді кепілі екенін атап өтті.
Сеймінің депутаты З.Вайткус Қазақстан халқын мерейтойлармен құттықтап, республикамыздың одан әрі дамуы мен гүлденуіне тілектестік білдірді. Өз сөзінде ол Қазақстанның халықаралық аренадағы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму және саяси реформаларды іске асыру саласындағы жетістіктерін атап өтті.
Экспозицияға Литваның төрт аймағынан келген көркемөнер мектебінің 24 оқушылары қатысты. Көрме алғаш рет 2021 жылдың желтоқсан айында Литва Сеймінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұсынылған болатын. Көрме ағымдағы жылы Литваның түрлі аймақтарында көрсетілімге жоспарланған.