Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінің ректоры Ромуалдас Клюкаспен кездесу туралы

Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінің ректоры Ромуалдас Клюкаспен кездесу туралы

2022 жылғы 12 сәуірде Қазақстанның Литвадағы Елшісі Виктор Темірбаев Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университетінің ректоры Ромуалдас Клюкаспен (Romualdas Kliukas) кездесті. Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланып, ғылыми-гуманитарлық алмасу саласындағы өзара тиімді әріптестікті одан әрі ілгерілету жөніндегі өзара іс-қимыл жоспарлары белгіленді.

Білім аясындағы диалог бүгінгі күні Қазақстан-Литва ынтымақтастығының ең табысты саласы болып табылады. Бұл ынтымақтастық мемлекетіміз жастарды қолдау мәселелеріне ерекше мән беріп отырған көзқарас тұрғысынан жаңа өзектілікке ие болуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім беру сапасын арттырудың және білікті техникалық кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Ректор литвалық университеттерде білім алу арқылы қазақстандықтар озық еуропалық білімге қол жеткізетінін атап өтті. Ол университетте алған білімдері Қазақстан экономикасын одан әрі жаңғырту үшін жақсы негіз болатынына, студенттердің өздері екі халық арасындағы достық пен өзара сыйластықтың жолсерігі болып табылатынына сенім білдірді.

Дәстүрлі оқытудан басқа, Литва тарапы бірлескен ғылыми және академиялық жобаларды дамытуға, әртүрлі кәсіби санаттар бойынша мамандарды даярлау және тағылымдамадан өткізу үшін мамандандырылған бағдарламаларды ашуға қызығушылық білдірді.

Кездесу шеңберінде жаһандану жағдайында ғылыми жетістіктер мен жоғары технологияларды ілгерілету саласындағы әріптестікті тереңдету мақсатында тұрақты пікір алмасуды қалыптастыру және екі елдің сарапшылық қоғамдастықтары арасында консультациялар өткізу бойынша екі жақты өзара іс-қимылды қарқындату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Заманауи жағдайларды ескере отырып, Сovid-19 пандемиясының таралуына қарсы іс-қимыл шеңберінде медициналық кластердегі технологиялар трансферті мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты.

Қазіргі уақытта Литвада Қазақстаннан 210 студент пен докторант білім ала отырып, тағылымдамадан өтуде және өз біліктілігін арттыруда. Сонымен қатар, ВГТУ литвалық жоғары оқу орындарының арасында мұнда оқитын қазақстандықтардың саны бойынша көшбасшы болып табылады-бұл университетте біздің елден 60 студент оқиды.

ВГТУ Балтық өңірінде техникалық мамандарды даярлаудың флагманы болып табылады, әлемнің академиялық рейтингтерінде үздік     5% - ның қатарына кіре отырып, үнемі жоғары орынға ие. Беделді университетте көлік, құрылыс, қоршаған орта, ақпараттық коммуникация және байланыс секторларындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 10 мыңнан астам студент (оның ішінде 800-ден астамы-шетелдіктер) даярлықтан өтуде.

 

ҚР Литвадағы Елшілігі