Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Литва Сеймінде балалар суреттерінің көрмесі ашылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  Литва Сеймінде балалар суреттерінің көрмесі ашылды

Вильнюс, 10 желтоқсан 2021 жылы – Литва Сеймінде Қазақстан Елшілігінің бастамасымен ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған «Қазақстан-Литва: бостандық және достық» атты балалар суреттері байқауының қатысушылары мен жеңімпаздарының көрмесі ашылды.

Іс-шараға Сеймнің Вице-спикері Юлиус Сабатаускас, ЕКПА Вице-президенті Л.Андрикене, парламент депутаттары, іскерлік және академиялық орта өкілдері, Қазақстанның құрметті консулдары қатысты.

Экспозицияға Литваның төрт аймағынан өнер мектептерінде білім алып жатқан 24 баланың, сондай-ақ қазақ диаспорасының балаларының жұмыстары ұсынылды

Вице-премьер Ю.Сабатаускас Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтап, республикамыздың одан әрі дамуы мен гүлденуіне тілектестік білдірді. Өз сөзінде ол Қазақстанның халықаралық аренадағы және жаһандық бастамаларды ілгерілетудегі, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму және саяси реформаларды іске асыру саласындағы жетістіктерін атап өтті.

«Қазақстанға депортацияланған литвалықтардың аман қалуына көмектескен қазақ халқының мейірімді қарым-қатынасы мен көмегі әрқашан есімізде. Олардың ұрпақтарына республикада литва тілі мен мәдениетін үйренуге жағдай жасалған. Олар елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласады»,- деді ол.

ҚР Елшісі Виктор Темірбаев «Қазақстан-Литва» парламентаралық достық тобына суреттер байқауы мен көрмесін өткізуге көмектескені үшін алғыс айтты. Елші Литва парламентшілерінің екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге қосқан зор үлесін атап өтті.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына естелік сыйлықтар табыс еткен В.Темірбаев балалар достықтың елшісі бола отырып, қазірдің өзінде екі ел арасында мәдени және рухани «көпір» салып жатқанын атап өтті.

«Литва-Қазақстан» парламентаралық достық тобына Литва Сеймінің (парламентінің) 21 депутаты кіреді. Олардың қатарында Вице-спикер Ю.Сабатаускас, ЕКПА Вице-президенті Л.Андрикене, бұрынғы Премьер-министр А.Буткявичус, Қоршаған ортаны қорғау министрі С.Гентвилас, сондай-ақ Сеймде ұсынылған барлық алты саяси партияның депутаттары бар.