Литвада Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған көрме ашылды

Литвада Қазақстанның Тұңғыш Президенті  күніне арналған көрме ашылды

2021 жылы 30 қараша, Қаунас қаласы – Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшілігі Валдас Адамкус атындағы кітапхана–мұражайымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған фотокөрме ұйымдастырды.

Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттіліктің қалыптасуы мен елдің дамуына зор үлес қосқанын, алдағы онжылдықтарда тұрақты дамудың іргетасын қалағанын атап өтті.

Сондай-ақ дипломат қонақтарды одан әрі демократияландыру мен адам құқықтарын нығайтуға бағытталған республикада жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси жаңғыртулар туралы хабардар етті. Азаматтық қоғамның, саяси партиялардың және ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің қатысуымен әзірленген саяси реформалардың үш пакеті іске асырылды.

Литва денсаулық ғылымдары университетінің ректоры, Қазақстанда белгілі кардиохирург Римантас Бенетис, Нұрсұлтан Назарбаев КСРО ыдырағаннан кейін тағдыршешті сәтте ел мен оның халқы алдында ауыр жауапкершілік жүгін алған көшбасшы болғанын атап өтті. Қазақстанда көп жылдар бойы жұмыс істеген Р.Бенетистің айтуынша, ол өзі республикамыздың медицина, экономика, әлеуметтік және басқа да салалардағы орасан табыстарының куәсі болып табылады.

Қазақстан көптеген салаларда зор жетістікке қол жеткізді және тәуелсіз мемлекетті нығайтуға бағытталған үлкен жұмыс атқарылды.

Шара қонақтары Қазақстанның Тұңғыш Президенті, оның ішінде Елбасының әр жылдары Литва Республикасының басшыларымен кездесулері туралы баяндайтын мұрағаттық фотосуреттермен танысты.

Көрмеге келушілер Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы лауазымындағы қызметі және Тәуелсіздіктің үш онжылдығындағы Қазақстанның жетістіктері туралы бейнематериалдардан тұратын деректі фильмдерді көре алады.

Ашылу салтанатына қалалық мэрия, іскерлік және академиялық орта басшылары, шет мемлекеттердің құрметті консулдары, мәдениет қайраткерлері мен қазақстандық студенттер қатысты.

 

1998-2009 жылдар аралығында Литва Республикасының Президенті болған Валдас Адамкус атындағы кітапхана-музей 2011 жылы Каунас қаласында ашылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен В.Адамкус Қазақстан-Литва арасындағы қарым-қатынасының дамуына, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы достықтың нығаюына зор үлес қосты.