
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы халқының үшінші ұлттық санағын 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін, оның ішінде 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында «www.sanaq.gov.kz» сайтында интернет желісі арқылы онлайн режимде және 2021 жылдың 1 қазаны мен 30 қазан аралығында планшеттерде жаппай сауал салуды өткізу туралы шешімі қабылданғаны мәлім.
Сонымен бірге, Қазаұстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының төрағалығымен Ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі арнайы жұмыс тобының кезекті отырысында, шет мемлекеттерде тұратын Қазақстан азаматтарының санағын онлайн форматта өткізу мерзімін 2021 жылғы 8 қарашаға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
Осыған орай, Литва Республикасының аймағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарын бұл мүмкіншілікті пайдаланып, Ұлттық халық санақты «www.sanaq.gov.kz» сайтында интернет желісі арқылы онлайн форматта ү.ж. 8 қарашаға дейін өтуге шақырамыз.
Ұлттық санақтың жоғары маңыздылығын ескере, азаматтық белсенділікті танытуларыңызды сұраймыз!