Клайпедада Семей ядролық полигонының жабылу тарихымен танысты

Клайпедада Семей ядролық полигонының  жабылу тарихымен танысты

Клайпеда, 2021 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстанның Литвадағы елшілігі Клайпеда уезінің Ева Симонайтите атындағы кітапханасымен бірлесіп
Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына арналған фотокөрмені ұйымдастырды.

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев өзінің құттықтау сөзінде біздің елдің әлемдік тарихта алғашқы болып ауқымы бойынша әлемдегі екінші ядролық сынақ полигонын жапқанын және өз еркімен қуаты жағынан төртінші әскери ядролық арсеналдан бас тартқанын атап өтті.

Қазақстандық дипломат қонақтарды Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем құруға бағытталған ядролық қаруға қарсы бастамаларымен де таныстырды. Дәл осы 29 тамыз – Қазақстанның бастамасымен Семей полигоны жабылған күн, БҰҰ тарапынан Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні деп жарияланды.

Вице-мэр Арунас Барбшис өз сөзінде Қазақстанның ядролық қарусыздану жөніндегі әлемдік қозғалыстың шын мәніндегі көшбасшысы болып саналатынын, ірі мемлекеттердің сеніміне ие болғанын және халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде танылғанын атап өтті.

Іс-шара қонақтары ядролық сынақ полигонының тарихымен, өткізілген ядролық сынақтар ерекшеліктерімен және ССП аумағындағы қазіргі радиациялық жағдаймен танысты. Көрмеге келушілер полигонның жабылу тарихы мен Қазақстанның халықаралық аренадағы ядролық қаруды таратпау саласындағы күш-жігері туралы сирек кездесетін бейнематериалдары бар деректі фильмді көре алады.

Көрменің ашылуына қала әкімдігінің, іскерлік және академиялық топтардың өкілдері, мәдениет қайраткерлері мен студенттер, соның ішінде Қазақстаннан да қатысты.

Фотокөрме екі аптаға созылады.