Вильнюс туристік ауданында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күніне арналған фотокөрме ашылды

Вильнюс туристік ауданында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Елорда күніне арналған фотокөрме ашылды

Вильнюстің ең танымал туристік ауданы – Ужуписте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Елорда күніне арналған көше фотокөрмесі ашылды.

Көрмені Қазақстанның Литвадағы Елшілігі «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ қолдауымен ұйымдастырды.

Литва астанасының тұрғындары мен қонақтарының назарына біздің республикамыздың серпінді өзгерістерін, оның тарихи ескерткіштері мен көркем бұрыштарын ашып көрсететін фотосуреттер, сондай-ақ әлемге әйгілі қазақстандықтардың фотосуреттері ұсынылған.

Фотокөрменің салтанатты ашылуында ҚР Елшісі В.Темірбаев Қазақстанның Тәуелсіздіктің 30 жылы ішіндегі негізгі жетістіктерін: экономикалық прогресті, қоғамдық дамуды, халықаралық қауіпсіздік архитектурасындағы рөлін атап өтті.

Көрменің орналасқан жері кездейсоқ таңдалмады – жазғы уақытта  Вильняле өзенінің жағалауы азаматтардың демалу үшін сүйікті орны және туристерді тарту орталығы болып табылады. Арнайы QR кодтың көмегімен кез келген адам көрменің сипаттамасын оқи алады. Көрме шілде айының соңына дейін өтеді.

1997 жылы 1 сәуірде қаланың богемиялық бөлігінің тұрғындары, негізінен суретшілер мен ақындар, Ужуписте «Еркін Ужупис Республикасы» деп жариялады. Ресми түрде жоқ республиканың өз президенті, үкіметі және парламенті бар.

«Мемлекеттегі мемлекет» - Литваның ғана емес, бүкіл аймақтың басты көрікті жерлерінің бірі. Атақ дәрежесі бойынша, Ужупис Париж Монмартрмен және Копенгаген Христианымен бірдей қатарға қойылады.

Республиканың басты көрікті жерлерінің бірі - Ужупис Конституциясының әлемдік тілдерге аударылған көшесі. 2018 жылы ҚР Литвадағы Елшілігі Ужупистің конституциясын қазақ тіліне аударған тақтайшаны орнатты.