
Литвада Наурыз мерекесі қайырымдылық акциямен атап өтті
2021 жылғы 19 наурызда "Наурыз мейрамы" мерекесі қарсаңында Қазақстанның Литвадағы Елшілігі Түркі Кеңесінің қатысушы және бақылаушы елдерінің елшіліктерімен (Әзірбайжан, Венгрия, Түркия) бірлесіп Вильнюстегі Ұлттық онкологиялық институтта қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Ауа-райының қолайсыздығына және қатаң карантиндік шектеулерге қарамастан, дипломаттар онкологиялық науқастарға көктемгі жаңару мен жаңа өмірдің пайда болуын бейнелейтін адамзаттың ежелгі мерекесінің салтанатты атмосферасын сыйлады. Акция барысында науқастар мен медициналық мекеме қызметкерлері түркі елдерінің ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Іс-шараны аша отырып, қазақстандық дипломаттар жиналғандарға Сеймнің депутаттары мен Литва СІМ өкілдері болған мерекенің терең философиясы, оны мерекелеудің дәстүрлері мен рәсімдері туралы айтып берді.
Қазақстан, Әзірбайжан және Түркияның Литвадағы елшіліктерінің Наурыз мейрамын бірлесіп тойлау дәстүрін ҚР-ның ЛР-дағы Елшілігі 2019 жылы қалағанын атап өткен жөн.