Литвада № 242 сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында дауыс беру өтті

Литвада № 242 сайлау учаскесінде  ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауында дауыс беру өтті

2020 жылғы 10 қаңтарда Литвадағы ҚР Елшілігінде ашылған №242 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауында дауыс беру өтті.

Сайлауға барлығы 89 адам қатысты, олардың арасында Литвада тұратын ҚР азаматтары, қазақстандық студенттер, Елшілік қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері болды.

Сайлау учаскесі Вильнюс уақыты бойынша сағат 07:00-де ашылып, сағат 20:00-де жабылды.

Жұмыс барысында сайлау комиссиясы ҚР азаматтарының сайлау заңнамасы мен ерік білдіруінің қандай да бір бұзушылықтарын тіркеген жоқ.