Литвада сайлау жөнінде Елшінің брифингі өтті

Литвада сайлау жөнінде Елшінің брифингі өтті

2020 жылғы 8 желтоқсанда литвалық орталық және өңірлік БАҚ өкілдерінің, сондай-ақ Литва Республикасы Сеймінің депутаттарының қатысуымен Қазақстан Парламенті Мәжілісіне алдағы сайлауға арналған онлайн баспасөз брифингі өтті.

Журналистер мен депутаттар сайлауды дайындаудың ұйымдастырушылық кезеңдерімен, сондай-ақ қатысушы партиялардың тізімімен танысты.

Өз сөзінде Елші сайлау елдің одан әрі саяси жаңғыруы аясында жүзеге асырылатын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының арқасында мүмкін болатын жаңа саяси жағдайда өтетініне назар аударды.

Осы тұрғыда, қазақ дипломаты тыңдаушыларды Қазақстанда жүргізілген демократиялық реформалар, оның ішінде көппартиялықты дамыту, ел саясатындағы әйелдер мен жастардың өкілдігін ұлғайту, парламенттік оппозиция институтын енгізу және басқа жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

В.Темірбаев Қазақстан Үкіметінің сайлауды жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес өткізуге бейілдігін растады. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат ҚР Литвадағы Елшілігінің жанында сайлау учаскесі ұйымдастырылатынын, сайлаушылар тізімі қалыптастырылатынын, ал Елшіліктің сайтында және әлеуметтік желілерінде Литва аумағындағы Қазақстан азаматтары үшін дауыс беруге қатысу жөнінде қажетті ақпарат бар екенін хабарлады.

В.Темірбаев брифингке қатысушыларды Қазақстанда да, Вильнюстегі Елшіліктегі сайлау учаскесінде де қабылданатын СOVID-19 пандемиясының өсуіне байланысты қауіпсіздік шаралары туралы хабардар етті.

Елші БАҚ сұрақтарына да жауап берді.