Қазақстан мен Литва туризм саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен Литва туризм саласындағы ынтымақтастықты талқылады

2020 жылғы 28 қазанда бейнеконференция форматында туристік қызметтер мен өнімдерді ілгерілету жөніндегі Қазақстан-Литва жұмыс тобының екінші отырысы өтті.

Туризм саласындағы ынтымақтастықты талқылауға – COVID-19 жаһандық пандемиясынан ең көп зардап шеккен сала, екі жағынан 50-ден астам қатысушы қосылды. Олардың қатарында ұлттық компаниялардың, ірі туристік қауымдастықтардың, көлік ведомстволары мен авиакомпаниялардың басшылары, сондай-ақ Қазақстан мен Литва кәсіпкерлері бар.

Қазақстан тарапынан жұмыс тобын ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ө.Бисақаев, литвалық тараптан – ЛР Экономика және инновациялар Вице-министрі В. Янкаускайте-Мильчювене басқарды.

Отырыс барысында тараптар екі жақты туристік әлеуетті ұсынды, сондай-ақ жаһандық пандемия кезеңінде саланы қолдау және оны ынталандыру бойынша тәжірибе алмасты.

Екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесіне де бас назар аударылды. ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті мен "Литва әуежайлары" мемлекеттік компаниясы осы бағыттағы келіссөздерді жалғастыруға және коронавирустың таралуынан туындаған шектеулерді алып тастау бойынша сарапшылар кездесуін ұйымдастыруға дайын екендігін растады.

Тікелей рейсті іске қосу мәнмәтінінде тараптар екі ел жұртшылығын Қазақстан мен Литваның көрікті жерлерімен және мүмкіндіктерімен таныстыру саласында неғұрлым үйлесімді бірлескен жұмыс жүргізу қажеттігін ерекше атап өтті.

Жаңа туристік өнімдер, атап айтқанда, эко және ауылдық туризм, сондай-ақ сауықтыру турлары саласындағы ынтымақтастыққа өзара қызығушылық отырыстың ерекше трендіне айналды. Осыған байланысты литвалық қауымдастықтар мен санаторийлердің бай тәжірибесі атап өтілді, ҚР Ұлттық курорттық қауымдастығы басшылығының айтуынша, бұл туризм саласындағы Қазақстан-Литва өзара іс-қимылының перспективалы бағыты болуы мүмкін.

Жұмыс тобының алаңында қазақстандық және литвалық компаниялар байланыстар, презентациялар және басқа да мәліметтермен белсенді алмасты. Литва тарапы қазақстандық тарапты "Adventur" халықаралық туристік көрмесіне қатысуға шақырды (Вильнюс қ., 2021 жылғы 19-21 наурыз).