
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2021 жылғы 10 қаңтарда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Вильнюс қ., Бирутес көш. 20А мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі жанындағы №242 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында дауыс беру өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді құқығына ие әрбір азаматының ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің сайлаушылар тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдікті береді.
Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігі жанындағы №242 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздерді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Литва аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (Аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) consulate.vilnius@mfa.kz электрондық мекенжайға «Сайлау-2021» белгісімен алдын ала жіберу немесе ОНЛАЙН САУАЛНАМАНЫ толтыру қажет.
Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
+370 5 212 2123;
+370 5 231 3070.
Сайлау күні сіздерде Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты мен жеке қорғану құралдары (маска, қолғап және т.б.) болуы тиіс.