Литвада Мемлекет басшысының Жолдауының экономикалық аспектілері талқыланды

Литвада Мемлекет басшысының Жолдауының экономикалық аспектілері талқыланды

2020 жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Елшісі В.Темирбаев Литва Өнеркәсіпшілері конфедерациясының басшылығымен, сондай-ақ Литва-Қазақстан іскерлік кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.

Осы кездесу аясында қазақстандық дипломат жиналғандарды Президентіміздің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының негізгі тезистерімен және Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық бағыты негізгі қағидаттары ретінде айқындаған міндеттерімен таныстырды. Даму мақсаттары тұрғысынан ол Литва инвестициялары мен бірлескен кәсіпорындар құрудың, атап айтқанда ауылшаруашылық өнімдерін, жаңартылатын энергия көздерін және көлік-логистикалық секторды қайта өңдеу саласындағы перспективалық бағыттарды атап өтті.

Литвалық кәсіпкерлер қазақстандық биліктің елдің әлеуетін ашу, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша қабылдаған шараларын оң бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша Іскерлік кеңес мүшелерінің 2021 жылы Қазақстанға сапарын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан мен Литва бизнес қауымдастықтары арасындағы институционалдық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін зерттеу туралы келісімге қол жеткізілді.

Литва өнеркәсіпшілер конфедерациясы – Литва кәсіпкерлерінің ең ірі қауымдастығы. Оның мүшелерінің Литва экономикасына қосқан үлесі шамамен 40% құрайды. Литва-Қазақстан іскерлік кеңесі өз қызметін 2019 жылдың шілдесінде қайта бастады.