Меню

Страницы

Статья

Шетелде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың ортақ келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  4. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

2) сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. некені (ерлі-зайыптылықты) бұзушылардың жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу жөніндегі куәландырылған сот шешімінің көшірмесі;
  4. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

3) белгіленген тәртіппен сот шешімінің негізінде хабар-ошарсыз кеткен, жүйке ауруынан немесе ақыл-есiнiң кемістiгiнен әрекетке қабілетсіз деп танылған не қылмыс жасағаны үшiн үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу үшін:

  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұбайын хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекеті шектеулі деп танылған заңдық күшіне енген сот шешімінің, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру туралы жұбайының сотталғаны туралы сот үкімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу туралы өтініш;
  2. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұпнұсқасы және көшірмесі);
  3. заңды күшіне енген сот шешімі немесе сот үкімінің көшірмесі;
  4. неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  5. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы.

Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

Дата публикации
01 апреля 2020
Дата обновления
01 апреля 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
22 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
22 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Twitter
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары