Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
- медициналық ұйыммен берілген белгіленген нысандағы қайтыс болу туралы құжат;
- қайтыс болған тұлғаның Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған тұлғаның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуі тиіс);
- сот шешімі негізінде тіркеу жағдайында, қайтыс болу фактісін белгілеу туралы немесе адамды қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі;
- қайтыс болған тұлғаның әскери билеті (болған жағдайда);
- қажет болған жағдайда жақын туыстығын растайтын құжат.
Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).