Қазақстан Республикасынан тыс жерге уақытша жұмыстармен шыққан және онда тұрақты тұру үшін қалуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын қабылдау және жолдау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Құжаттарды қабылдау және жолдау тәртібі
1) осы Қағидалардың сәйкес нысан бойынша өтiнiш-сауалнама;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi мен паспортының көшірмесі, он алты жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші еркін үлгіде жазбаша түсініктеме береді.
Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болмаған, жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдегі азаматының паспортын дайындауға арналған құжаттарды жазбаша түсініктемемен бір уақытта береді;
3) отбасы мүшелерінің алдында міндеттемелері болған жағдайда – алимент алушылар – егер кететін адамның заң бойынша асырауындағы отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрса, "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 22-тарауында көзделген тәртіппен жасалған алименттерді төлеу туралы келісімді ұсынады. Келісімге қол жеткізілмеген кезде кететін адамдарға алименттің мөлшерін тұрақты ақша сомасында белгілеу немесе алиментті біржолғы төлеу не белгілі бір мүлікті алимент есебіне беру немесе алиментті өзге де тәсілмен төлеу не кететін адамның кету үшін заңда көзделген кедергілердің болмауы фактісін анықтау туралы соттың шешімі беріледі.
4) әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама.
Әскери есептен шығарылғаны туралы анықтама болмаған жағдайда өтініш беруші әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлік) түпнұсқасын және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін шығуына байланысты әскери есептен шығу және жеке әскери-есептік құжатты тапсыру туралы анықтама беруге осы Қағидалардың сәйкес нысан бойынша өтініші ұсынылады.
Өтініш берушінің әскери билетін (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігі) қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) алып қойған болса, әскери билеттің (шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәлігінің) қабылданғаны туралы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы (бөлімі) берген қолхат ұсынылады;
5) ата-анасымен не өзге де заңды өкiлдерімен бірге кету туралы шешiм қабылданған кезде он жасқа толған баланың пiкiрiн есепке алу туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қорытындысы;
6) он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары ата-анасының бiрiмен (қамқоршысымен, қорғаншысымен) бiрге тұрақты тұруға кететін кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұратын ата-анасының екiншiсінің нотариалды түрде расталған келiсiмi. Келiсiм болмаған кезде, кәмелетке толмаған баланың кетуі сот тәртiбiмен шешiлуі мүмкін;
7) мемлекеттiк баждың немесе консулдық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты ресімдеу туралы құжаттарды қарау мерзімі Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне құжаттарды берген күнінен бастап есептелінеді және Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер органдарында қаралу мерзімін қоса алғанда, үш айдан аспайды.