Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кездегі мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;

2) өмірбаян (өз қолымен жазылған);

3) 3,5х4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;

4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен ресімделген шетелге тұрақты тұру үшін шығуға рұқсат;

6) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі
№ 95 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша адамның соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 тіркелген);

7) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);

8) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;

9) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;

10) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың нотариалдық түрде куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға өтініш-келісімі және материалдық және өзге де наразылықтардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы не хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.

18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықтан шығу мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші куәландырған қолдаухатты, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқарушы орган шешімінің көшірмесін ұсынады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге олардың заңды өкілдері береді.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-анасының өтінішіне көрсетілетін қызметті беруші растаған жазбаша келісімін қоса береді.

Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не арнайы соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған не берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушылар құжаттарды ұсыну тәртібін сақтамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге хабарлай отырып, кемшіліктерді жойғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұрады.

1-қосымша

Нысан

Сауалнама - Өтiнiш

Фото

Мені Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат беруді сұраймын.

Сұрақтар

Жауаптар

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда)

 

2. Бұрын тұрған барлық тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз

 

3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған жағдайда сол елдi көрсетіледі)

 

4. Ұлты

 

5. Отбасы жағдайы (некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн)

 

6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекенжайы (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады)

 

7. Соңғы тiркелген орны

 

8. Соңғы жұмыс, оқу орны

 

9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз)

 

10. Бұрын басқа мемлекеттердiң
азаматтығында (бодандығында) болған жағдайда, оны қайда, қашан және қандай негiзде алғаныңызды көрсетiңiз

 

11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты?

 

12. Қазақстан Республикасының немесе жеке және заңды тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсатпен байланысты міндеттемелер

 
  1. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).

Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз бен атағыңызды көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).

Айы мен жылы

Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы

Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері

     
  1. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер).

Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және шетелде тұратын барлық туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.

Туыстық деңгейi

Тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жұмыс орны, лауазымы

Болу елі, тұрғылықты мекенжайы

         
  1. Жұбайым/зайыбым ____________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға құжаттарды ресiмдеуде.

(иә/жоқ).

  1. Егер жұбайыңыз/зайыбыңыз Қазақстан Республикасының азаматы(-шасы) болмаса, онда оның азаматтығын көрсетiңiз ________________________
  2. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде әскери билет тапсырылған мекеменiң атауы _____________________________________________________
  3. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз _________________________

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың құқықтық салдары түсіндірілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматында қос азаматтық танылмайтыны туралы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қақастан Республикасы Заңының 3-бабының шарты түсіндірілді.

Өтініш берушінің қолы __________________

Дата публикации
23 июня 2020
Дата обновления
23 июня 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
22 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
22 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Twitter
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары