Меню

Страницы

Статья

Шетелде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу

Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзі немесе оның заңды өкілі өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
  2. көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі);
  3. егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  4. егер көрсетілетін қызметті алушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары болса, кәмелеттік жасқа толмаған балалардың туу туралы куәліктері (түпнұсқасы және көшірмесі);
  5. бала асырап алу туралы куәлігі немесе әкелікті анықтау туралы куәлігі (түпнұсқасы және көшірмесі), егер осындай құжаттар азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде тіркелген болса;
  6. егер көрсетілетін қызметті алушы некенің (ерлі-зайыптылығы) бұзылуына байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, неке бұзу (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  7. мөлшері 3х4 см. екі фотосурет;
  8. көрсетілетін қызметті алушының атын, әкесінің атын және тегін өзгерту себептерін түсіндіре отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаяны;
  9. жеке куәлігінің немесе Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі (әскери қызметшілерге – жеке басын куәландыратын құжат, ал он алты жасқа толған және паспорт алмаған адамдарға – туу туралы куәлік);
  10. консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
  11. қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушы атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруын өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етіледі.

Өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген шет мемлекеттің құзіретті мекемесі не соған уәкілетті тұлғамен куәландырылған немесе берілген құжаттар тек арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостиль қою).

Дата публикации
31 марта 2020
Дата обновления
31 марта 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
22 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
22 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Twitter
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары