Меню

Страницы

Статья

Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебі

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінде консулдық есепке тұра алады.

Шетелдік мекемеде есепке тұру шетелде болу мерзіміне және мақсатына қарамастан ерікті түрде орнатылады. Сонымен бірге, тіркеуге тұру фактісі немесе оның болмауы азаматқа қатысты ешқандай құқықтық салдарды келтірмейді.

Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюдың мақсаты:

- Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау;

- шет елдерде форс-мажорлық жағдайлар, әскери іс-қимыл, дүлей апат және т.б. жағдайлар пайда болуына орай Қазақстан Республикасының азаматтарына уақтылы көмек көрсету;

- болу елiнiң заңнамасы, Қазақстан Республикасы мен болу мемлекетi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық ғұрыптар ұсынған барлық құқықтарды Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына жан-жақты көмек көрсету;

- Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiн сақтауларын және олардың өз мiндеттерiн орындауларын бақылау болып табылады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою «Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 361 Қаулысына сәйкес ресімделген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығу рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет берілусіз жүзеге асырылады.

Консулдық лауазымды адам Қазақстан Республикасы азаматының немесе оның заңды өкілінің өтініші бойынша еркін түрде жасалған есепке қою туралы анықтаманы береді.

Есепке тұру үшін өтінішті толтырып осы электронды пошта арқылы жіберу керек

consulate.vilnius@mfa.kz


Құрметті студенттер!

Қазақстанның Литвадағы Елшілігі Сіздерге жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейді!
Сіздермен үнемі байланыста болу үшін Елшіліктің консулдық есебіне тіркелу жайында кеңес береміз. 

Сонымен қатар, Сіздерден, қазіргі кезде жүрген/тұратын жерлеріңіз жайында (қала, мемлекет) бізге хабарлауды және Литвадағы таныс отандастарымызға Елшіліктің консулдық есебіне тіркелу қажеттілігі туралы ақпаратты жеткізуді сұраймыз.
 
БҰЛ ҮШІН КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРУДІ СҰРАЙМЫЗ: https://forms.gle/S4Jui6n6fwULHofg9.

Көрсеткен қолдауларыңыз үшін алдын ала алғысымызды білдіреміз!
Дата публикации
22 июня 2020
Дата обновления
22 июня 2020
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
22 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
22 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Twitter
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары