Биыл ұлы ақын, қазақтың ауызша поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толады. Қазақтың ұлы ақынының мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар бұл күндері бүкіл елде ғана емес, сондай-ақ шет елдерде де өтіп жатыр.
Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл тауы етегінде (қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданы) дүниеге келген. Қобыз бен домбыра тартуды ол анасы Ұлданнан үйренді. Тым ерте өзінің поэзияға деген қызығушылығын сезінді. Бала кезінен «Қобыланды», «Алпамыс» эпостарынан, қырғыздың «Манас» эпосынан, «Рүстем туралы аңыз», «Көроғлы» шығармаларынан үзінділер орындады.
Айтысқа қатысқан Жамбыл жас кезінен, 16-17 жасынан кең танымал болды. Жас ақын өзінің суырып салма өнері арқылы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін қозғады, халықтың мұң-мұқтажын сөз етті, заңсыздықты сипаттады, бостандық үшін күресуге шақырды. Жамбылдың әндерінде, оның домбырасының үнінде қазақ халқының шынайы дауысы естіледі. «Я - зоркий сокол, я – напев моей страны», «я – ваш Жамбыл», - деп халыққа үндеді. Ол халық туралы, тек халық үшін, халық арасында ән салды. Жамбыл шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, шет елдерде үлкен басылымдарда жарық көрді.
Ж.Жабаев қазақ халқы поэтикалық өнерінің дамуына үлкен үлес қосты, бүкіл өмірін жалпыадамзаттық құндылықтар мен жақсылықты, әділеттілікті дәріптеуге және патриотизмді тәрбиелеуге арнады. Оның көптеген әндерінің мәтіндері жоғалып кеткен. Өзі мен шәкірттерінің естеліктері бойынша кейін Жамбылдың қатысуымен өткен айтыстардың бірқатар мәтіндері қалпына келтірілді. Екі өлең жазылды: «Патша әмірі тарылды» және «Зілді бұйрық».
Ж.Жабаевтың ақындық мұрасы қазақ халқының рухани қазынасының алтын қорына кірді. «Жамбыл - біздің дәуіріміздің ең жарқын әрі дарынды әншісі», - деп жазды ол туралы қазақтың белгілі жазушысы Мұхтар Әуезов.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі поэзияда Ж.Жабаевтың Отанды қорғау мен халықтар достығы тақырыбындағы шығармалары басты орын алды. Ол төрт жыл бойы сарбаздар, гвардияшылар, Мәскеу мен Ленинград қалалары туралы шығармаларын тарту етіп отырды. «Ленинградтық өрендерім!» өлеңі бүкіл әлемге таралды. Осы туындылардың көпшілігі патриоттық поэзияның нағыз жауһарлары болды.
Жамбыл Жабаев 1945 жылы 22 маусымда 99 жасында дүниеден өтті. Қазақстанның көптеген қалалары мен шет елдерде ақынның құрметіне көшелерге, мектептерге оның есімі беріліп, мүсіндері мен ескерткіштері орнатылған.