2020 жылы 23 қыркүйекте Литва астанасы, Вильнюс қаласында, Вильнюс округінің, Адам Мицкевич атындағы, Қоғамдық кітапханасының ғимаратында, қазақтың ұлы ағартушысының 175 жылдығына орай, Абай Құнанбайұлы атындағы, «Абай жинағы» оқу залы ашылды.
Бүгінгі таңда, Абай Құнанбайұлы атындағы оқу залында, оқушыларға, студенттерге, сарапшыларға, кез келген оқырманға Қазақстан өмірінің барлық салаларымен танысуға көмектесетін әдебиеттер мен басқа да материалдар ұсынылған. Оның ішінде қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, оның дәстүрлері, табиғаты мен өнері, сондай-ақ саясаты мен экономикасы бар. Бұл топтама тұрақты негізде толықтырылып, кеңейтілетін болады.
Адам Мицкевич атындағы, Вильнюс округінің қоғамдық кітапханасы, Литва астанасының дәл орталығында, бұрынғы Зенкович-Тишкевич әулетінің сарайында орналасқан, оның тарихы XV-XVI ғасырлардан бастау алады.
1950 жылы негізі қаланған кітапхана, әлемнің көптеген тілдерінде, ғылымның түрлі салаларынан, кітаптар, мерзімді басылымдар, музыка, картографиялық құжаттар, фильмдер, ноталар мен көркем әдебиеттерден 500 мыңға жуық құжаттарды сақтайды. Жыл сайын оны 200 мыңға жуық келуші тамашалайды және оларға шамамен 400 мың дана басылым беріледі.