Меню

Страницы

Статья

Консулдық есеп

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде консулдық есепке қоюдың мақсаты:

 1) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) ҚР азаматтарының болу елінің заңнамасымен Қазақстан Республикасы мен қабылдаушы болу мемлекет қатысушылар болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық әдет-ғұрыптармен берілген барлық құқықтарды пайдалануына жан-жақты көмек көрсету.

Консулдық есептің түрлері

  • Тұрақты консулдық есеп – шетелге тұрақты тұруға кеткен және ішкі істер органдарынан тұрақты тұруға кетуге рұқсат алған тұлғалар үшін.
  • Уақытша консулдық есеп– уақытша болу мақсатында кеткен адамдарға арналған (оқу, іссапар, емделу,  туристік сапар және т.б.).
  • Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.

Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді.

  • Тұрақты консулдық есепке тұру үшін:
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
  • ҚР ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруға шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешімі шешімі (салыстыру үшін);
  • толтырылған тіркеу карточкасы.
  • Уақытша консулдық есепке тұру үшін:

1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

2) толтырылған тіркеу картасы.

1) еркін нысандағы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) тұрақты есепке қою туралы мөртабаны бар Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қосымша бет (болған жағдайда).

  • Қазақстан Республикасының азаматы бұл қызметті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды форматта ала алады.

Электрондық түрде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталында өтініш береді

  • Қызмет беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
  • портал арқылы -1 жұмыс күні.

Қызмет тегін көрсетіледі

Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің консулдық бөлімі азаматтарды 9.30-дан 12.30-ға дейін қабылдайды.

Құжаттарды беру: 16.00-ден 17.00-ге дейін.

Кенсе (+370) 5 212 21 23, 231 30 40
E-mail vilnius@mfa.kz
Қонсулдық мәселелер (+370) 5 231 30 70
E-mail consulate.vilnius@mfa.kz
Дата публикации
14 декабря 2023
Дата обновления
14 декабря 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
22 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру
22 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Twitter
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары