
Білім, ғылым және денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасу қарқынды жүзеге асып келеді.
Қазақстан мен Литваның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары арасында тығыз байланыстар мен стратегиялық әріптестік орнатылған. Жыл сайын 200-ге жуық қазақстандық студенттер Литваның университеттерінде оқу мен тағылымдамадан өтеді.
2014 жылғы қарашада Литваның 4 жоғары оқу орны (LSMU, KTU, VU және VDU) «Болашақ» халықаралық бағдарламасына енген болатын. 2018 жылы литвалық ЖОО (VGTU, KTU, Клайпеда университеті KCC және VDU) қазақстандықтар үшін бакалавриат пен магистратура бағдарламалары бойынша 200 толық және жартылай гранттар бөлді.
Литвалық профессорлар, соның ішінде бұрынғы Білім министрі Д.Павалкис ҚР-дың ең ірі үш медициналық оқу орындарында (Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей) ректор және проректор лауазымдарында жұмыс атқарады. Қазақстанның перинаталдық медицина, кардио және нейрохирургия мамандарының басым көпшілігі Каунас пен Вильнюста білім алған.
Литваның Денсаулық ғылымдары университеті және Вильнюс университеті қазақстандық білім жүйесіне озық медициналық стандарттарды жұмылдыру бойынша белсенді атсалысуда.
2019 жылғы 28-31 қаңтар кезеңінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішев бастаған ДСМ-ның және бірқатар медициналық жоғары оқу орындарының басшыларының делегациясы Литваға сапармен барды.
Спорт саласында өзара іс-қимыл қарқынды дамуда. 2017 жылдан бастап Литвада «қазақша күрес» еуропалық федерациясы тіркелді.
2019 жылдан бері Литвада «тоғыз құмалақ» бойынша сайыстар өткізілуде, ал сол жылдың қарашасында литвалық тілде «тоғыз құмалақ» ойнына қатысты оқу құралы жарық көрді.
Тарихи зерде екі елді жақындастыратын фактор болып табылады. Соғыс жылдарынан кейінгі жаппай депортациялау кезінде литвалық отбасыларын құтқару және оларға жәрдем көрсету бойынша қарапайым Қазақстан тұрғындарының ерліктерін Литвада жылы лебізбен еске алады.
2017 жылғы 17 қыркүйекте литвалық тағамдар әзірлейтін кафесі, суреттер галереясы және конференц-залы бар «Литовский двор» атты Литваның мәдениет және бизнес орталығы ашылды.
2018-2019 жылдары «Миссия Сибирь» литвалық жастар экспедициясы Қарағанды облысына сапар жасады, олар кезінде қоныс аударған литвалықтардың мүрделеріне жөндеу-жинау жұмыстарын іске асырды.
2019 жылғы 17 қыркүйекте Жезқазғанда (Қарағанды облысы) Кеңгір көтерілісінің 65-жылдығына орай ескерткіш орнатудың рәсімі өтті.