
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасында өзара түсінушілік пен ынтымақтастық туралы келісім негізін қалаушы құжат болып табылады (Алматы, 07.11.1993 ж.).
ҚР және ЛР Үкіметтер арасында екі елдің экономикалық өзара іс-қимылын реттейтін негізгі келісімдер қабылданған (сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, қос салықтардан жалтару).
Үкіметаралық құжаттардың бірқатары көліктік-логистикалық ынтымақтастық саласындағы байланыстарды белгілейді (автокөлікпен пассажирлер мен жүктерді халықаралық тасымалдау, әуе және теміржол қатынастары).
Мәдени-гуманитарлық қатынастар «Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы» үкіметаралық келісімге негізделген.
Құқықтық мәселелер Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы ҚР мен ЛР арасындағы келісіммен реттеледі. Бұлардың арасында «Дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы» үкіметаралық келісімді атап өту қажет.