Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан-литвалық қарым-қатынастар

1992 жылғы 15 маусымда дипломатиялық қатынастар орнатылды.

1993 жылдың қарашасында Литваның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.

1995 жылдың шілдесінде Қазақстанның Литвада Елшілігі ашылды.

2022 жылғы 9 желтоқсаннан бастап Т.Оразаев Қазақстанның Литвадағы Елшісі болып табылады.

2018 жылғы 12 желтоқсаннан бастап Г.Васюлис Литваның Қазақстандағы Елшісі болып табылады.

 Саяси қатынастар      

Жоғары деңгейдегі қатынастар:

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Литвада екі рет болды (ресми сапарлармен – 1994 ж. 9 тамызда және 2001 ж. 4-5 сәуірде).

Литва президенттері Қазақстанға бес рет келді (А.Бразаускастың
1993 жылғы қарашадағы және 1997 жылғы 7 наурыздағы ресми сапарлары,
В.Адамкустың 2000 жылғы 11 мамырдағы мемлекеттік сапары,
Д.Грибаускайтенің 2010 жылғы 1 желтоқсандағы ЕҚЫҰ Астана Саммитінің жұмысына қатысуы, Д.Грибаускайтенің 2011 жылғы 6 қазандағы ресми сапары).

2022 жылы 20 қыркүйекте Нью-Йорктегі (АҚШ) БҰҰ-ның 77-ші Бас Ассамблеясының алаңында екі елдің басшылары Қ.К.Тоқаев пен Г.Науседа екіжақты кездесу өткізді.

 Жоғары деңгейдегі қатынастар:

1993 жылғы шілдеде ҚР Премьер-Министрі С.Терещенко Литвада болды.

ЛР Премьер-Министрі А. Шляжявичюс Қазақстанға 3 рет келді (1994 ж. қыркүйекте, 1995 ж. қыркүйекте және 1995 ж. желтоқсанда).

2000 жылғы қарашада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Д.Ахметовтің Литваға сапары өтті.

2000 жылғы мамырда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Вильнюске сапары өтті.

2006 жылғы қаңтарда Литва СІМ басшысы А.Валенис ресми сапармен ҚР-да болды. 2007 жылдың сәуір және қыркүйек айларында Литва СІМ басшысы А.Вайтекунас ҚР-да болды.

2008 жылғы мамырда ЛР Премьер-министрі Г.Киркилас Қазақстанға келді.

2014 жылғы қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Литваға ресми сапары өтті.

2015 жылғы мамырда ЛР Премьер-министрі А.Буткявичюс Астана қаласына ресми сапармен келді.

2021 жылғы 21 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында БҰҰ-ның 76-шы
Бас Ассамблеясы аясында Қазақстан мен Литва СІМ басшылары М.Тілеуберді мен Г. Ландсбергистің кездесуі өтті.

2008 жылғы 5-7 желтоқсанда ЛР Сыртқы істер министрі Г.Ландсбергис Қазақстанға ресми сапармен келді.

Парламентаралық ынтымақтастық

Литваға сапарлары:

2001 жылғы ақпанда ҚР Парламентінің Төрағасы Ж.Тұяқбайдың ресми сапары өтті.

2022 жылғы 27-29 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісі комитетінің төрағасы А.Құспан және ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Н.Нұрсипатов жұмыс сапарымен Вильнюс қаласына барды.

Қазақстанға сапарлары:

2018 жылғы 26 қарашада ЛР Сеймі (парламенті) спикерінің орынбасары Р.Жемайтайтис «Астана – жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» халықаралық парламенттік конференциясына қатысты.

ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінде және Литваның Сеймінде парламентаралық достық пен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді.

2021 жылғы 17 мамырда Елшіліктің бастамасымен бейнеконференция байланысы форматында ҚР Парламенті Мәжілісі мен Литва Сеймінің парламентаралық ынтымақтастық топтарының отырысы өтті.

2022 жылғы 28 ақпан – 2 наурыз аралығында Астана мен Қарағандыға Сейм вице-спикері Й.Ярутис бастаған Литваның парламенттік делегациясы келді.

 Аймақаралық ынтымақтастық

Аймақаралық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. 2018 жылғы
16 қазанда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Д.Жумин Каунас қаласында болды. 2019 жылғы 15 қарашада ҚР-ға (Астана және Қарағанды ққ.) бизнес-делегациямен бірге Паневежис қаласының мэрі Р. М. Рачкаускас келді.

2020 жылғы 2-5 наурыз аралығында Литваның 12 өңірлері  делегациясының ҚР-ға (Алматы қ.) екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы ең ірі сапары болып өтті, оның шеңберінде «Литва өңірлері-Қазақстан» экономикалық форумы ұйымдастырылды.

2022 жылғы 15 маусымда Алматы қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.Өскенбаев пен ЛР Көлік және коммуникация министрі М.Скуодистің төрағалығымен Қазақстан-Литва бизнес-форумы өтті.

 Негізгі шарттар мен келісімдер

Негізгі құжат Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы шарт болып табылады (Алматы, 07.11.1993 ж.).

ҚР мен ЛР үкіметтері арасында екі ел арасындағы экономикалық өзара
іс-қимылды реттейтін негізгі келісімдер жасалды (сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, қосарланған салық салуды болдырмау).

Бірқатар үкіметаралық құжаттар көлік-логистикалық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастықты реттейді (жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау, әуе және теміржол қатынастары).

Мәдени-гуманитарлық қатынастар «Білім, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы» үкіметаралық келісімге негізделеді.

Құқықтық мәселелер ҚР мен ЛР Қазақстан арасындағы «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы» шартпен реттеледі. Басқа құжаттардың ішінде «Дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы» үкіметаралық келісімді атап өткен жөн.

 Негізгі оқиғалар

2003 жылы Литва шекара қызметтері Латвия, Эстония және Мажарстандағы әріптестерімен бірге ЕО-БҰҰДБ бағдарламасы бойынша Орталық Азиядағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу (БОМКА) бойынша жұмысты бастады.

2012 жылдың желтоқсанында Вильнюсте ҚР мен ЛР Сыртқы істер министрліктері арасында алғашқы консультациялар өтті. Бүгінгі күні
7 консультация өткізілді (соңғысы – бейнеконференция режимінде, 2021 жылы 17 наурызда өтті).

2011 жылы «Сәуле» контейнерлік пойызы (ҚХР-Қазақстан-Литва) іске қосылды. 2013 жылы «Балтық желі» контейнерлік пойызы Литва мен Қазақстанды байланыстырды. 2016 жылы Литва «Викинг» теміржол жобасымен бірге Транскаспий «Жібек желі» жобасына қосылды. 2017 жылы «Сәуле» пойызы Клайпедадан Астанаға бір жүк (720 тонна мұздатылған құс) тасымалдады.

2017 жылғы 22 маусымда ЛР қоршаған ортаны қорғау министрі К.Навицкас пен Сеймінің вице-спикері И.Шаулене «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Литва павильонын ашты.

2018 жылғы 8 қарашада ХҚҚО мен Литва Банкі арасында меморандумға (Innovation Functions Cooperation Agreement) қол қойылды, оған сәйкес ынтымақтастық және қаржылық технологияларды одан әрі бірлесіп ілгерілету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

2019 жылдың күзінде Балтық-Қазақстан экономикалық қауымдастығы (Рига қ.) Литвада филиал құрды.

2020 жылғы 3 наурызда Литваның ұлттық қауымдар үйінде Әбу Насыр әл-Фараби атындағы орталық ашылды.

2020 жылдың 23 қыркүйегінде Адам Мицкевич атындағы Вильнюс округінің қоғамдық кітапханасының ғимаратында Абай Құнанбайұлы атындағы «Абай коллекциясы» оқу залы ашылды.

Көпжақты ынтымақтастық

Қазақстан мен Литва арасындағы қатынастар тұрақты, үдемелі сипатқа ие және сындарлы әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Түрлі халықаралық алаңдарда өзара қолдау елдердің өзара іс-қимылына тән стильге айналуда.

Литва Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін қолдады. Бұдан басқа, Литва 2014 жылы Қазақстанның АСЕМ-ге толық құқылы мүшелігіне дауыс берді, сондай-ақ Қазақстанның Еуропа Кеңесі шеңберінде қабылданған құқықтық көмек жөніндегі Еуропалық базалық конвенцияларға қосылуының дәйекті жақтаушысы болып табылады және ҚР-ның ЕО-мен визалық режимін ырықтандыруды жақтайды. 2016 ж. қыркүйекте Литва Сеймі ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді алғашқылардың бірі болып ратификациялады.

Литва 2017-2018 жылдары Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігін, Астана қаласында ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясын өткізуді қолдады, сондай-ақ 2022-2024 жж. кезеңінде БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сайлауда ҚР кандидатурасын қолдау туралы (2021 жылғы 30 тамыз) нота жіберді.

2022 жылы Литва Р.Нұршабековтің Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) Радио реттеу комитетінің мүшелігіне кандидатурасын қолдады.

 Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2017 жылдан бастап Литва Қазақстанның ЕО елдеріндегі ең ірі сауда серіктестерінің ондығына және әлемдегі ең ірі серіктестерінің отыздығына кіреді. Литва статистикасы бойынша Қазақстан Литваның 15-ші ірі сауда серіктесі болып табылады.

ҚР ҚМ МКК деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы екіжақты тауар 2022 жылғы қаңтар-қазанда 531,8 млн долларды құрады, бұл 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2 есе жоғары (266 млн доллар). Қазақстаннан Литваға экспорт 2022 жылдың 10 айында 2,2 есеге өсіп, 422,6 млн долларды құрады. Литвадан Қазақстанға импорт сол кезеңде 41,5%-ға өсіп, 109,2 млн долларды құрады.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 176 заңды тұлға жұмыс істейді (БК – 41, шетелдің қатысуымен – 135). Шағын бизнес - 128 компания (автомобиль саудасы, логистика, құрылыс, сақтандыру, өңдеу өнеркәсібі, жылжымайтын мүлік және т.б.).

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) ынтымақтастықты жандандырудың маңызды тетігі болып табылады.
Осы уақытқа дейін ҮАК-тің 13 отырысы өткізілді (соңғысы - 2021 жылғы
6 қыркүйекте бейнеконференция режимінде)

Комиссияның тең төрағалары: Қазақстан тарапынан – ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі К.Төребаев, литвалық тараптан – ЛР экономика және инновациялар министрі А.Армонайте. Қазақстан-Литва ҮАК құрамында автомобиль көлігі және туризм жөніндегі жұмыс топтары жұмыс істейді.

2011 жылғы 7 қазанда «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы мен Литва өнеркәсіпшілері Конфедерациясы (ЛӨК) арасында Қазақстан-Литва Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды.

2019 жылдың күзінде Балтық-Қазақстан экономикалық қауымдастығы
(Рига қ.) Литвада филиал құрды.

2022 жылғы 15 маусымда Алматы қаласында өткен бизнес-форум аясында Қазақстан-Литва іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының бас директоры Е.Абсатов пен Литва Өнеркәсіпшілер конфедерациясының (ЛӨК) президенті В.Янулявичюс қол қойды.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларында тәжірибе алмасу белсенді жүзеге асырылуда.

Қазақстан мен Литваның жетекші жоғары оқу орындары арасында тығыз байланыстар мен стратегиялық әріптестік орнатылған. Жыл сайын 200-ге жуық қазақстандық студент Литва университеттерінде оқудан және тағылымдамадан өтеді (Литваның 4 жоғары оқу орны «Болашақ» бағдарламасына енгізілген, бұдан басқа литва университеттері қазақстандық студенттер үшін әртүрлі оқу гранттарын ұсынады).

Литвалық профессорлар, соның ішінде Литваның бұрынғы Білім министрі Д.Павалкис ҚР үш ірі медициналық ЖОО-да (Астана, Алматы, Қарағанды) ректор және проректор қызметтерін атқарды.

Литва денсаулық туралы ғылымдар университеті мен Вильнюс университеті қазақстандық білім беру жүйесіне озық медициналық стандарттар трансфертіне белсенді қатысуда.

2019 жылдан бастап Елшілік Қазақстан авторларының литва тіліндегі кітаптарымен («Абай жолы», «Мұғалімнің оралуы», қазақ ертегілерінің жинағы және т.б.) «Vilnius Book Fair» халықаралық кітап көрмесіне қатысып келеді.

2019 жылдың көктемінде ҚР Елшілігі «Литвадағы қазақстандық көктем»
I мәдени фестивалін ұйымдастырды, оның аясында елордада және Литваның басқа да ірі қалаларында қазақстандық кино күндері, концерттер, Наурыз мейрамын тойлау, көркем көрмелер өтті.

Спорттағы байланыстар белсенді дамуда. 2017 жылдан бастап Литвада «қазақша күрес» Еуропалық федерациясы тіркелген. 2021 жылдың тамыз айында Литва астанасында елімізде және өңірде алғашқы «тоғызқұмалақ» ойын федерациясы ашылды. Осы ойын бойынша мастер-класстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады, оның барысында литвалық оқушылар мен студенттер ойын негіздерін үйренеді.

Екі елдің жақындасуының маңызды факторы – тарихи жад. Литвада Қазақстанның қарапайым тұрғындары соғыстан кейінгі жаппай депортациялау жылдарында Литва отбасыларын құтқаруда қандай рөл атқарғанын жылылықпен еске алады.

2006 жылдан бастап Қазақстанға депортацияланған литвалықтардың жерлеу орындарында жөндеу-жинау жұмыстарын жүргізетін «Сібір миссиясы» Литва жастар экспедициясы келеді (ҚР-ға КСРО жылдары 20 мың литвалық жер аударылды). 2019 жылдың 17 қыркүйегінде Жезқазған қаласында (Қарағанды обл.) Кеңгір көтерілісінің 65 жылдығына арналған мемориал ашылды.

2017 жылдың қыркүйек айында Қарағандыда «Литва ауласы» Литва мәдениет және бизнес орталығы ашылды, онда Литва асханасы, сурет галереясы және конференц-зал жұмыс істейді.

2021 жылғы 6 желтоқсанда ҚР Елшілігі Литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» (авторы Е. Әбіл) кітабының тұсаукесерін өткізді.

2021 жылы ең ірі үш қалада – Вильнюсте, Каунаста және Клайпедада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын және Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар мәдени іс-шаралар өтті.

2022 жылдың мамыр айында ҚР Елшілігі Вильнюс және Каунас (2022 жылғы Еуропаның мәдени астанасы) қалаларында концерттер өткізді, онда ҚР Мәдениет саласының үздігі Г.Жұмажанова қазақ халық әндерін орындады.

2022 жылдың қазан айында Вильнюсте концерт өтті, онда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық би театрының әртістері өнер көрсетті.

Литвада студенттерді қоса алғанда, тұрақты консулдық есепте –
64, уақытша есепте – 397 ҚР азаматы, соның ішінде 178 студент тіркелген
(2022 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша).

___________________________

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Қазақстан-литвалық қарым-қатынастар
Хабарландыру
ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ КУРСТАРЫ
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Twitter
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары