
Вена қ., 2025 ж. 17-21 ақпан – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің делегациясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ конвенциясының жүзеге асырылуы барысын шолу жөніндегі топтың он алтыншы сессиясына қатысты.
Сессия Конвенцияны жүзеге асырылуын шолу тетігінің жұмысына, қатысушы мемлекеттерге техникалық көмек көрсету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің озық тәжірибелері туралы ақпарат алмасу мәселелеріне арналды. Қазақстан шолудың екінші циклі шеңберінде мониторингті күшейту және үздік тәжірибелерді енгізу жөніндегі күш-жігерді қолдай отырып, шолу тетігінің тиімділігін арттыруға белсенді түрде жәрдемдесуді жалғастыруда.
Қазақ делегациясы қатысушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдерімен іс-шара аясында өткізген екіжақты кездесулер шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Анықтама: БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы 2003 жылғы 31 қазанда қабылданып, 2005 жылғы 14 желтоқсанда күшіне енді. Бұл құжат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әмбебап сипаттағы жалғыз заңды міндетті құрал болып табылады. Конвенцияға заңнама, мемлекеттік институттар және құқық қолдану саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізу бойынша міндеттемелерді қабылдай отырып, 191 қатысушы мемлекет қосылды.