Қазақстанға коронавирусқа қарсы күресте ядролық технологиялар көмегі

Қазақстанға коронавирусқа қарсы күресте  ядролық технологиялар көмегі

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Қазақстанға ядролық технологияларды қолдану арқылы COVID-19 коронавирусын жедел анықтау үшін жабдықтардың екі топтамасын жіберді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК және Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ                  РМК-ның «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» бұл көмекті ақысыз түрде алуда. Аталған көмектің қаржылай мөлшері 220 мың еуроны құрайды және ол індеттің алдын алу үшін диагноз қоюға арналған аппараттар мен жинақтарды, реагенттер мен ұлттық тестілеуді жеделдету үшін зертханалық жабдықтарды қамтиды, оның ішінде жеке қорғаныс құралдары және зертханалық шкафтар сияқты биологиялық қауіпсіздік материалдар.

Бұл жедел көмек АЭХА-ның пандемияға қарсы әрекеті және бүкіл әлемде жұқпалы аурулардың көбеюіне жауап болып табылады. «АЭХА қызметкерлері бұл маңызды жабдықты мүмкіндігінше тез жеткізу үшін көп жұмыс жасайды», - деді АЭХА Бас директоры Рафаэль Мариано Гросси.

Қазақстан мен АЭХА арасындағы ынтымақтастық 1994 жылдан бері іске асырылып жатыр және адам денсаулығы сияқты салаларда ядролық технологияларды бейбіт мақсатта қолдануға басымдық береді.

 

ҚР Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар

жанындағы Тұрақты Өкілдігі