ЕҚЫҰ Бас хатшысы мен Парламенттік Ассамблеясының басымдықтары Венада таныстырылды

ЕҚЫҰ Бас хатшысы мен Парламенттік Ассамблеясының басымдықтары Венада таныстырылды

Вена, 2025 жылғы 30 қаңтар – ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің кезекті отырысында Ұйымның Бас хатшысы мен Парламенттік Ассамблеясының Төрайымы өз баяндамаларын ұсынды.

ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоғлу мен ЕҚЫҰ ПА Төрайымы Пиа Каума ұйымның диалог пен ынтымақтастықтың басты алаңы ретіндегі рөлін күшейтуге бағытталған негізгі басымдықтары мен алдағы жұмыс жоспарларын таныстырды.

Қазақстанның халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Елші Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде парламентаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын ерекше атап өтіп, ЕҚЫҰ-ның жан-жақты қауіпсіздік саласындағы мақсаттарын қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар, қазақ дипломаты Қазақстанның Финляндия төрағалығы және одан кейінгі төрағалықтар аясында конструктивті ынтымақтастыққа әзір екенін растады. Елші Тілеуберді еліміздің ЕҚЫҰ-ның негізгі құжаттарына, соның ішінде Хельсинки Қорытынды актісіне, Жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясына және Астана декларациясына декларациясына берік екенін қуаттады.