
Вена, 2025 жылғы 22 қаңтар – Қазақстанның Венадағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді жаңадан тағайындалған ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кристоф Камппен кездесу өткізіп, Қазақстан мен Жоғарғы комиссар басқармасының ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен келешегін, соның ішінде ұлтаралық келісімді ілгерілету және нығайту мәселелерін талқылады.
Елші Тілеуберді Кристоф Кампты жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Қазақстанның этносаралық қақтығыстардың алдын алуға бағытталған Жоғарғы комиссардың қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтетіні туралы хабарлап, К.Кампты елге шақырып, ұлтаралық келісім мен бірлікті қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибемен танысуға шақырды.
Қазақ дипломаты Жоғарғы комиссармен ана тілі негізіндегі көптілді және полимәдениетті білім беруді дамыту саласында Орталық Азия білім беру бағдарламасы (CEAP) аясындағы ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде Жоғарғы комиссар Камп полиэтностық Қазақстанның бірлікті нығайту және инклюзивті интеграциялық саясат жүргізу тәжірибесін жоғары бағалап, ВКНМ-ның елімізбен гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.