Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы Қазақстан жетістіктері Венада таныстырылды

Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы Қазақстан жетістіктері Венада таныстырылды

Вена, 2024 ж. 5-6 желтоқсан - БҰҰ Есірткі құралдары жөніндегі комиссиясының, сондай-ақ БҰҰ Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясының бірлескен отырысында Қазақстанның құқық қорғау саласындағы негізгі жетістіктері таныстырылды.

Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Елдос Жұмақсанов ұлттық заңнаманы ұдайы жетілдіру және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру туралы баяндап, тұтқындардың санын қысқарту, жанжал аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту, реинтеграциялау, сондай-ақ пробация есебінде тұрған адамдардың қайтадан қылмыстық әрекетке бас ұру деңгейін төмендету мәселелерін қоса алғанда, елдің пенитенциарлық жүйесінің дамуы жөнінде атап өтті.

Қазақстандық тарап, сондай-ақ, «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының қабылданғанын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың басты жетістіктерін айшықтап өтті. БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасына және донор елдерге Қазақтанға өз міндеттерін іске асыруда қаржылай және сараптамалық көмек көрсеткені үшін алғыс білдірілді.

Қазақстанның 2025-2027 жылдарға арналған БҰҰ Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясының құрамына сайлануғанын ескере отырып, Е.Жұмақсанов қатысушыларды еліміздің Комиссия жұмысына сындарлы үлес қосуға дайын екендігіне сендірді.