Венада Қазақстанның реформалары мен бастамалары талқыланды

Венада Қазақстанның реформалары мен бастамалары талқыланды

Вена, 2024 жылғы 27 қараша – Аустрия-Қазақстан қоғамының отырысында Қазақстанның биылғы жылдағы саяси-экономикалық және әлеуметтік реформаларының нәтижелері талқыланды. Іс-шараға Аустрия-Қазақстан қоғамының мүшелері, аустриялық сарапшылар мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысты.

Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді елдің ағымдағы жылғы даму бағыттары туралы баяндама жасап, мемлекеттік басқаруды жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік әділеттілікті арттыру және жаңа құқық қорғау тетіктерін енгізу бойынша елеулі ілгерілеушіліктерді атап өтті. Шараның басты тақырыбы ретінде 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Президенті жолдауының негізгі ережелері қаралды: «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм».

Кездесуде қатысушыларға «Born Bold» атты жаңа ақпараттық-имидждік кампаниясы таныстырылды. Бұл кампания Қазақстанның мәдени тоғысудың, инновациялардың және табиғи байлықтың орталығы ретіндегі бірегейлігін айқындайды. Кампания елдің инвестициялық және туристік әлеуетін ілгерілетуге бағытталған. Презентация аустриялық бизнес өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырды, олар Қазақстанның өзара тиімді ынтымақтастық үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтті.

Кездесу нәтижелері Қазақстан мен Аустрия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Аустрия-Қазақстан қоғамы сияқты алаңдар арқылы тәжірибе алмасуды жалғастырудың өзектілігін растады. Қатысушылар көзделген мақсаттарға жетуге бағытталған бірлескен жұмысқа дайын екендіктерін атап өтті.