
Вена, 2024 жылғы 24 қазан – Қазақстан Республикасының күніне орай Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі салтанатты қабылдау мен жетекші қазақстандық фольклорлық-этнографиялық «Сазген сазы» ансамблінің қатысуымен концерт ұйымдастырды. Шараға Аустрияның саяси топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус, іскерлік және қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ Аустрияда тұратын қазақстандық диаспора қатысты.
Қош келдіңіздер деген сөзінде Қазақстанның Аустриядағы Елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді қазақстан-аустриялық екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, саяси және экономикалық ынтымақтастықтың, сондай-ақ Венада орналасқан халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылдың негізгі рөлін ерекше атап өтті.
Құттықтау сөзімен Аустрия Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры, бұған дейін Қазақстандағы Аустрия Елшісі болған Герхард Зайлер сөз сөйледі. Ол Орталық Азиядағы Аустриямен қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының негізгі рөлін және екі ел халықтары арасындағы тығыз достық байланыстарды орнатуда мәдени дипломатияның маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты шара барысында қонақтар «Сазген сазы» ансамблі дайындаған концерттік бағдарламаға куә болып, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен дәстүрлерін тамашалады. Іс-шара мәдени диалогты нығайтуға ықпал етті және екі елдің әріптестік пен өзара ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген ұмтылысын растады.
Photo credit: SOCIETY/Pobaschnig