
Линц, 2024 ж. 10 қазан – Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Жоғарғы Аустрия федералдық жеріне – елдің өнеркәсіптік өндірісінің үштен бір бөлігінен астам құрайтын негізгі индустриялық өңіріне жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Қазақстан Елшісі федералдық жерінің басшылығымен – губернатор Томас Штельцермен және Экономикалық палатаның басшысының орынбасары Роберт Ляйтнермен кездесулерді өткізді.
Сонымен қатар, Елші темір жолдарды салуға және оларға қызмет көрсетуге арналған жабдықтарды өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылатын Plasser & Theurer компаниясының өкілдерімен кездесті.
Келіссөздер барысында индустриялық даму, қолайлы инвестициялық климат құру, экономиканың тұрақты дамуы және халықты қолдау мәселелері талқыланған болатын. Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын стратегиялық көлік торабы ретіндегі рөлі атап өтілді. Аустриялық компаниялар логистика және инфрақұрылым саладағы жобаларына қатысуға қызығушылық танытуда.
Аустриялық тарап Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі күш-жігеріне жоғары баға беріп, іскерлік әріптестікті одан әрі дамытуға қызығушылығын растады. Кездесулер барысында машина жасау, металлургия, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм және экологиялық жобаларды қоса алғанда, өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары белгіленді. Экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдетуге назар аудара отырып, Жоғарғы Аустрияның Қазақстанның Павлодар облысымен табысты ынтымақтастығына ерекше назар аударылды.
Сапардың соңында Елші Мұхтар Тілеуберді елдер арасындағы мәдени және спорттық алмасуды нығайтудың маңыздылығын білдіретін Қазақстан мен Австрия құрамалары арасындағы Ұлттар Лигасының үшінші турындағы матчқа қатысты.