
Вена, 2024 жылғы 19 қыркүйек – Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтонен Тұрақты кеңес отырысы барысында өз елінің 2025 жылға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалығының басымдықтарын таныстырды.
Министр Валтонен өз сөзінде Финляндияның төрағалығы барысында келесі жылы 50 жылдық тойланатын Хельсинки Қорытынды актісінде белгіленген ЕҚЫҰ-ның қағидаттары мен міндеттемелерін табанды түрде ұстанатынын баса атап өтті. Финляндия төрағалығы тұрақтылық, дағдарыстарға жауап беру қабілеті және жанжалдан кейінгі қайта құру мәселелеріне назар аударуды көздеп отыр.
Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Министр Валтонен атап өткен басым бағыттарды қолдайтынын атап өтті. Ол қауіпсіздіктің жан-жақты тұжырымдамасы мен кең ауқымды құралдары бар ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттердің әртүрлі қауіп-қатерлерге төзімділігін нығайтудың маңызды тетігі болып қала беретінін атап өтті.
Сонымен қатар, Елші Тілеуберді Қазақстанның 2025 жылы ЕҚЫҰ-ның Экономикалық және қоршаған ортаны қорғау комитетін басқаруға дайындығын растады және қазақ делегациясының белсенді және сындарлы ынтымақтастыққа ұмтылысын білдірді.