
Прага, 2024 ж. 12-13 қыркүйек – Қазақстан делегациясы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры Мейіргүл Қуандықованың басшылығымен ЕҚЫҰ-ның 31-ші Экономикалық-экологиялық форумына белсенді қатысуда.
Бұл іс-шара ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер мен сарапшылар қауымдастығына цифрлық инновациялар, тұрақты даму және климаттың өзгеруіне бейімделу саласындағы тәжірибе мен үздік тәжірибелермен алмасуға маңызды алаң ұсынды.
Ашылу сессиясында сөз сөйлеген М.Қуандыкова Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге, сондай-ақ энергетикадағы көмірдің үлесін азайтуға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға деген адалдығын растады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта су ресурстарын басқару және табиғи апаттардың алдын алу бойынша цифрлық шешімдер белсенді түрде енгізіліп жатыр, бұл тұрақты даму мен тиімді су пайдалануға ықпал етеді.
Форум аясында Қазақстан мен Франция делегацияларының басшыларының кездесуі өтті, оның барысында тараптар екі ел арасындағы қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықтың серпініне қанағаттанғандықтарын білдірді. Кездесу барысында қатысушылар ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар аясында ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің перспективаларын талқылады.