
Құрметті отандастар!
2024 жылғы 6 қазанда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 372 учаскеде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты республикалық референдум өтеді.
Елшілік мекенжайы: Prinz-Eugen-Strasse 32, 1040 Wien.
Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте қол қойды.
Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.
Қазақстан Республикасының Венадағы Елшілігі жанындағы №372 учаскесінің тізіміне Аустрия мен Словенияда тұрақты немесе уақытша тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
Құрметті азаматтар!
Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу мақсатында төмендегі сілтеме бойынша нысанды толтырып, референдумға қатысуыңызды 12 қыркүйектен кешіктірмей растауды сұраймыз:
https://forms.gle/d3Wp4TTmvzVeLGzH6
Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында табуға болады.
Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігі