Қазақстан бастамасы АЭХА Бас конференциясының күн тәртібінде

Қазақстан бастамасы АЭХА Бас конференциясының күн тәртібінде

Вена, 2024 жылғы 29 тамыз – Қазақстанның Вена қ. Тұрақты өкілдігінің бастамасымен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің өңірлік топтарына кірмейтін мүше мемлекеттердің Достар тобының кезекті кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Достар тобының мүшелерін оның жаңа төрағасы – Аргентинаның Тұрақты өкілі және АЭХА Басқарушылар кеңесінің қазіргі төрағасы Холгер Федерико Мартинсенмен таныстырды.

Достар тобы АЭХА-да егеменді теңдікті толық қалпына келтіру бойынша одан әрі шараларды талқылады және Агенттіктің Бас конференциясының алдағы 68-ші сессиясына жоспарларын белгіледі. Осы орайда, АЭХА-да мүше мемлекеттердің егеменді теңдігін қалпына келтіру туралы тармақ АЭХА Бас конференциясының күн тәртібіне енгізілгенін атап өткен жөн.

Анықтама: АЭХА өңірлік топтарына Орталық Азия елдері, Израиль, Камбоджа, Лаос және бірқатар шағын арал мемлекеттері кірмейді. Осыған байланысты, бұл елдер ұйымның шешім қабылдаушы органдарына сайлану құқығынан айырылған. Мұндай әділетсіздік АЭХА Жарғысының егеменді теңдік қағидатына қарсы келеді. Қазақстанның бастамасымен 2023 жылдың қыркүйегінде осы мәселені шешуге бағытталған АЭХА Бас конференциясының қарары қабылданды.